«Ескі киіммен шығып жүр»: Қазақстандық футбол клубтың ойыншылары 4 айдан бері жалақы ала алмай жүр
Команда турнир кестесінде үшінші орынға табан тіреген.
Алматы облысына қарасты Өтеген батыр ауылындағы «Іле-Алатау» футбол клубының ұжымы, ойыншылары мен бапкерлері 4 ай бойы жалақы ала алмай жүр, деп хабарлайды turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысының әкімдігі Екінші Лигада ойнайтын командаға қаржылай қолдау көрсетуді уәде еткен. «Іле-Алатау» клубы турнир кестесінде үшінші орынға табан тіреп тұр, алайда команданың жағдайы нашар. Футболшылар, бапкерлер жаңа киімдер сатып ала алмай әлек. Алаңға ескі киіммен шығып жүр.