Жаңалықтар

Киіз үйде жартылай жалаңаш билеген қыздар көпшіліктің ашуын туғызды (ВИДЕО)

скриншот

Кейін автор видеоға түсініктеме беріп, халыққа басу айтты.

Әлеуметтік желіде киіз үйде қазақша камзол мен биік өкшелі аяқ киім киіп, жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарады.

Бейнежазбадағы үш адамның біреуі хореограф жігіт. Бұл туралы биші өзінің Instagram парақшасында жазған. 

«Менің атым -  Әлішер Сұлтанбекұлы. Мен 21 жасқа толдым, мен өмір сүріп жатқаныма өте ризамын», - деп жазған ол.

Кейін автор видеоға түсініктеме беріп, халыққа басу айтты.

«Біздің билеген биіміздің видеосын көрген жұрт маған неше түрлі хейт жазып жатыр. Мен өзім қазақпын. Ата-анам да – қазақ. Алматы қаласында туып-өстім. Кәсіби бимен айналысамын. Бұл туындыны да шығармашылық деп түсініңіздер! Қарапайым адамдар мен шығармашылықпен айналысатындардың арасы жер мен көктей. Олар біздің ойлау жүйемізді түсінбейді. Сосын жаман сөздер жазып, балағаттайды. Шығармашылық адамдар басқа көзқараста өмір сүреді. Менің ойым салт-дәстүрімізді қорлау емес, оның таным-түсінігін кеңейту. Басқа арам ой болған жоқ», – деді Әлішер Сұлтанбекұлы.