Спорт

Әлемнің төрт дүркін чемпионы сайысқа жалғыз өзі қатысып, алтын жүлдені иеленді

Фото: © РИА Новости / Максим Богодвид

Синхронды жүзуден төрт дүркін әлем чемпионы, ресейлік Александр Мальцев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС ойындарына жалғыз қатысып, алтын жүлде иеленді, деп хабарлайды turkystan.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Соло бағдарламасына жалғыз өзі қатысқан атлет 211,6542 ұпай жинап, 1-орынды иеленді.

Екінші сайыста ол 267,3216 ұпай жинап, тағы да жеңімпаз атанды. Алайда бұл сайыста ол жалғыз емес, Таиланд елінен келген атлет Кантинан Адисаисирибутрмен (209,9667) өзара кім мықтыны анықтады.