Жаһан

Аптап ыстықтан қажылыққа барған 14 адам қаза тауып, 17 адам хабар-ошарсыз кеткен

сурет: istockphoto.com

Сауд Арабиясының ұлттық метеорологиялық орталығының басшысы өткен аптада "Биыл Мекке мен Мединада орташа температура қалыптыдан 1,5-тен 2 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде" - деп мәлімдеген болатын.

Сауд Арабиясына қажылыққа барған 14 Иордания азаматы қатты ыстықтан қаза тапқан. Бұл туралы BBC жазды.

Иорданияның Сыртқы істер министрлігі елдің 14 азаматы қатты ыстықтан қайтыс болып, 17 адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлаған.

AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қызыл Жарты Айы Бес Ирандық қажының да қаза тапқанын растады, бірақ олардың қалай қайтыс болғаны нақты айтылмаған.

Иордания шенеуніктері хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жалғасуда деп мәлімдеді.