Жаңалықтар

«Диалог жүргізген»: Атырауда аудан әкімінің атынан жалған аккаунт ашылған

istockphoto.com

Жұмабек Қаражановтың айтуынша, мұндай фейк аккаунт иелері алаяқтық әрекеттерге баруы әбден мүмкін.

Атырау облысындағы Жылыой ауданының әкімі атынан жалған аккаунт ашылған.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, мұндай фейк аккаунт иелері алаяқтық әрекеттерге баруы әбден мүмкін.

«Жылыой аудандағы қазіргі ахуалға байланысты жекелеген адамдар әлеуметтік желіде және мессенджерлерде менің аты-жөнімді пайдаланып, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша мәтінде ақпарат сұратқан, диалог жүргізген. Аудан жұртшылығын және азаматтарды жалған мәліметке, хабарламаларға сенбеуге шақырамын», - деп хабарлады Жұмабек Қаражанов.