Қоғам

«Әлем Қазақстанмен шектелмейді»: Баян Алагөзова өзін сынайтындарға жауап берді

коллаж: turkystan.kz

Продюсер әрі актриса шоу-бизнесте бәрін де тек өзі қалағандай жасайтынын ескертті.

Баян Алагөзова оқырмандарын архаизмнен алыс әрі жаңа көзқараспен өмір сүруге шақырды, деп жазды turkystan.kz.

«Мен шоу-бизнесте жүргеніме отыз жылдан астам уақыт болды. Осынша уақыт бәрі мені сынап келеді және дәл солай мақтайды да. Қазір көптеген адамдар менің ісімді және біздің команданың жұмысын жамандауға тырысуда. Досқа да, дұшпанға да айтарым мынау — мен әрқашан өзіме қажет нәрсені істедім. Бұл жол мен үшін қиын, ащы, ауыр болды. Бірақ мен әрқашан әрі қарай жүріп, өзім жақсы көретін және сенетін нәрселерді жасадым. Мен қазір армандарым мен тілектерімнің басқа деңгейіндемін. Әлем Қазақстанмен шектелмейді. Мен шығармашылығымыздың еліміздің шекарасынан асқанын қалаймын. Қыздарымыздың өнері шет елдерге тараса деймін. Ол үшін шекараны, кез келген шекараны кеңейту керек. Мен бұдан ешқашан қорыққан емеспін және бұл ісімді жалғастырамын. Сіздер маған өмір сүруді үйретіп, кеңес беруді жалғастыра аласыздар. Бірақ мен осы уақыт ішінде бәрін де өзім қалағандай жасадым! Мен архаизмнен алыспын, мен өткенмен өмір сүрмеймін, мен осында және қазір өмір сүремін! Бұл көптеген адамдарға ұнамайды және ешқашан ұнамайды да.  Сондықтан сіз мені сынап-мінеуді жалғастырасыз, осылайша маған одан да көп күш бересіз.  Сондай-ақ дұрыс бағытта жүргеніме сенім сыйлайсыз!», - деп жазды Баян Алагөзова әлеуметтік желіде.