«Тамағын тілген»: Желіде павлодарлық ер адамның аулада кісі өлтірген видеосы тарады

17 маусым, 2024 / Анель Жарылғасын
скриншот

Павлодарда орта жастағы ер адам басқа ер адамды қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқауға болады.

Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

 «Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Павлодар Ер адам кісі өлтіру аула