Жаңалықтар

Шегірткемен күресу үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді

ашық дереккөзі

Шегірткемен күресу үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді

Сарапшылар ағымдағы жылы шегіртке зиянкестері жұққан аумақтардың азаюын болжап отыр. Алдағы уақытта 3,8 млн га аумақта шегірткелер үйірі болады деп күтілуде. Шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінеді деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылық министрілігінде өткен брифинкте министрліктің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

«Болжам бойынша қауіпті зиянкестердің 7 млн 228 мың га аумаққа тарауы күтіліп отыр, олардың ішінде 3,8 млн – бұл үйірлі шегіркелер, зиянкес көбелектер – 870 мың, зиянкес тасбақа қандаласы – 82, ауру – 2 млн», — деді С.Хасенов. Оның айтуынша, қауіпті зиянкестермен күресу үшін републикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлініп отыр, оның ішінде 721 млн пестицидтерді сатып алуға арналған және 3 млрд теңге химиялық өңдеу жұмыстарына бағытталмақ. «Бүгінгі таңда бюджеттен бөлінген қаржы пайдаланылуда, дәрі-дәрмектерді алдық, өңдеу, сақтау, тасымалдау жөніндегі жеткізушілер анықталды. Жұмыстарды әдетте ОҚО-дан бастаймыз. Бірінші дәрі-дәрмектер тиеліп, жіберілді. 20 сәуір күні марок шегіркесіне қарсы алғашқы өңдеу басталады», — деп мәлімдеді ол. Комитет төрағасы ағымдағы жылы шегіркемен күресуге орташа тәулікті өнімділігі 170 мың га 301 техника бірлігі іске қосылатындығын айтты. Бұған қоса, шегіркемен күресуді объективті әрі барынша оперативті жүргізу мақсатында ауыл шаруашылық министрлігі ағымдағы жылы зерттеу жұмыстарын қадағалаудың жаңа әдісін — GPS-трекерлерді енгізді, бұлар «әр зерттеушіде болады және күн сайын бізге әр зерттеушінің жұмысын көрсетіп тұрады. Жұмыс күнделікті зерттеулермен етене байланыста, және біз күн сайын объекивті ақпаратты біліп отырғымыз келеді. Және зияндылық экологиялық шектен асып түскен жағдайда шаралар қолданылып, химиялық өңдеу жөніндегі шешімдер шығарылады», — деп түсінік берді С.Хасенов.