Қоғам

Алматыдағы көшелердің бірінде жалаңаш әйелдің мәйіті табылды

Instagram/ Дина Таңсәрі

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөісті.

Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты.

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Instagram-дағы парқшасында бөлісті.

«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», - делінген жазбада

Қоғам белсендісі тұрғындардың шошынып жатқанын жеткізді.

«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.