Жаңалықтар

Алматыда біреудің әнін бірнеше әншіге сатып жіберген "композитор" ұсталды (ВИДЕО)

сурет: polisia.kz

30 жастағы Ы. есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген.

Алматыда біреудің туындысын бірнеше әншіге сатып жіберген жалған композитор ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, Алматы қаласы Бостандық аудандық ПБ-ға 30 жастағы ер адамның үстінен шағым түсіріп, бір топ адам ұжымдық арызбен жүгінген. Ол бірнеше музыкантты алдады деген күдікке ілінді. 

– Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 30 жастағы Ы.есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады, - деп жазылған хабарламада.