Шілде айынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

17 маусым, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі.

2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады. Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

«Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды», – деп нақтылады комитет.

Белгілі болғандай:

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Тэгтер:

студент шәкіртақы Шілде