Жаңалықтар

Еуроодақ Ресейге қарсы жекелеген санкцияларын жарты жылға созды

ашық дереккөзі

Еуроодақ Ресейге қарсы жекелеген санкцияларын жарты жылға созды

Еуропалық кеңес 2014 жылы Ресейдің жеке тұлғалары мен ұйымдарына салған санкцияларын алты айға созды. Санкциялар Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне, тәуелсіздігіне нұқсан келтіргені үшін салынған еді. Еурокеңес сайтының хабарлауынша, қайтыс болған екі адам бұл тізімнен шығарылған. Жаңа тізімде жікшілдердің Моторола есімімен танымал болған дала командирі Арсен Павлов пен өз тәуелсіздігін жариялаған "Луганск халық республикасының" бұрынғы үкімет басшысы Геннадий Цыпкалов жоқ. Бұл екеуі 2016 жылы қайтыс болды. Қысқартылған тізімде 150 жеке тұлға және 37 ұйым бар. 2014 жылы Еуроодақ Ресейге қарсы жекелеген және экономикалық санкцияларын Қырымның аннексиясы мен Донбастағы жанжалдан соң енгізді. Тізімдегі адамдарға Еуроодақ елдеріне кіруге тыйым салынған, олардың еуропалық банктердегі активтері құлыпталған.