Жаңалықтар

Астанада жатақхана өртеніп кетті (ВИДЕО)

ТЖМ

Зардап шеккен адам бар.

Астана қаласының Сарыарқа ауданында ТЖ қызметкерлері жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Нақтыланған ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанды.

Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.