Жаңалықтар

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

Pixabay

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

17 маусымда Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.