Қоғам

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді

istockphoto.com

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойды

16 маусымда "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енді, деп жазады turkystan.kz.

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойды. Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі:

- денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар, немесе 50 тәулікке дейін қамау;

- адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.