Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті

16 маусым, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған

Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Атырау