Спорт

Қазақстандық спортшы дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

ҚДФ

Еуропа кубогыне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысуда.

15 маусымда Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды.

Kazakhstan Judo Federation мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыстың алғашқы күні бес кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті.

Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.

Айта кетерлігі, Еуропа кубогыне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысуда.