Жаңалықтар

Атырауда ер адамның әйелді пышақтаған видеосы тарады

Скриншот

Атырау полициясы әзірге бұл факт бойынша ақпарат берген жоқ

Видеоны Немолчи қоры жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, видео #Немолчи қорына келіп түскен. Кадрда ер адам әйелге пышақпен тап берген. Тап берген адам оның бұрынғы жігіті болуы мүмкін деп болжайды қор.

Ол бірнеше рет пышақ салған, олардың бірі денеге терең сұғылған. Мұқият қараңыз ол пышақты тамаққа қарай қалай бағыттайды. Сондай-ақ баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз.

Әйел қаланың белгілі супермаркетінде жұмыс істейді, кіреберістегі дәретханаға шыққан. Қазір ол реанимацияда жатыр, – делінген хабарламада.

Атырау полициясы әзірге бұл факт бойынша ақпарат берген жоқ. Іс қай баппен қозғалғаны және күдіктінің ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.