Спорт

Оқ атуға мәжбүр болды: Германия тұрғыны футбол жанкүйерлеріне балта ала жүгірді (ВИДЕО)

видеоан скриншот

Тәртіп сақшылары ер адамға оқ атуға мәжбүр болған.

Бүгін Гамбургте өткен Нидерланд құрамасы жанкүйерлерінің маршында ер адам көшеде кетіп бара жатқан туристерге шабуыл жасамақ болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам жанкүйерлерге балта ала жүгірген. Полиция қызметкерлері спрей қолданып, оны тоқтатпақ болған. Алайда ол сонда да жанкүйерлерді тарпа бас салған. 

Содан кейін тәртіп сақшылары ер адамға оқ атуға мәжбүр болған. Нәтижесінде ол жарақат алды. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалу үшін жанталасып жатыр. Басқа зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ.

Кейін полицейлер оның сөмкесінен Молотов коктейлін тауып алды.

Айта кетейік, бүгін Гамбург қаласында Еуропа чемпионатының бірінші турында Нидерланд құрамасы Польша командасын 2:1 есебімен жеңген болатын.