Жаңалықтар

Комадан шыққан Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы туралы айтты

instagram.com/kazyret_berdikhan

Ақын 12 күн комада жатқаны туралы айтты

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман комадан шығып, «Айтыс» ютуб арнасына сұхбат берді, деп жазады turkystan.kz.

Ақын 12 күн комада жатқаны туралы айтты.

Дәрігерлер ұлыма "әкеңіз 1-2 күннен қалмай о дүниеге аттанады, дайындала беріңдер" деп айтқан. Сосын рұқсат қағазымен үйге алып кетті. Бірақ дәрігерлердің айтқаны болмады. Қайтадан адам қатарына қосылдым. Халықтың қолдауы кісіге күш, дем береді екен. 70-80-дей ақын бірінен соң бірі мені үйге іздеп келді. Сәлем айтып, көңіл сұрап кетті. Айтысты тірілтем деп арпалыстым ғой. Айтысты тірілтем деп жүріп өзім өлуге айналыппын, - дейді айтыскер.