Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарды (ВИДЕО)
Жас жігіт дауласып, өзенді бір шетінен екінші шетіне жүзуге шешім қабылдаған
Ұлттық ұлан сарбазы суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас жігіт дауласып, өзенді бір шетінен екінші шетіне жүзуге шешім қабылдады, нәтижесінде ол судан өздігінен шыға алмады.
Осы уақытта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарды.
Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, бірақ сарбаздың жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмір құтқарылды.