Сарыағашта күйеуі досымен бірге өз әйелін зорлаған
Жәбірленушінің күйеуі – 10 жылға, досы 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Сарыағаш ауданында 47 жастағы ер адам үйіне пеш орнату үшін жұмысшылар жалдаған, деп жазады turkystan.kz.
Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, жұмысшылар пеш орнатып жатқанда, ол досымен бірге ішімдік ішкен.
Әйел жұмысшыларға шай-тамақ берген. Мас күйеуі соған қызғанып, жұмысшыны ұрып-соғып, сосын қуып шыққан. Ал әйелді зиратқа апарып жазаламақ болған.
Досы екеуі әйелді ұстарамен қорқытып, таңғы 5-ке дейін қорлаған.
Жәбірленушінің күйеуі – 10 жылға, ал досы 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.