Қоғам

Жағдайы орта деңгейде: Астанада лифт шахтасына құлаған мұғалім құтқарылды

istockphoto.com

Белгілі болғандай, мұғалімнің жағдайы орта деңгейде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Елордалық құтқарушылар мектептегі лифт шахтасына құлаған мұғалімді құтқарып қалды, деп жазады turkystan.kz ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 маусым сағат 9:24-те елордалық ТЖД құтқарушылары Б.Момышұлы 1/1 мекенжайына шықты.

Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша «Riviera International school by Quantum» мектебінің лифт шахтасына мұғалімнің түсіп кеткені анықталды. Мамандар көмегімен 1986 жылы туған әйел лифт шахтасынан құтқарылып, ары қарай қала ауруханалардың біріне жеткізілді, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, мұғалімнің жағдайы орта деңгейде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.