Қоғам

Павлодарда ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ

Павлодар қаласында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өндіріс цехтарының аумағының бірінде болып жатқан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бір қабатты ғимараттың шатыры жанған. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Өрт орнында штаб құрылды.