«Қазгидромет» РМК 15 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Республиканың шығысында және орталығында күн күркіреп, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте тұман түседі.