Жаңалықтар

Танымал блогер көп балалы аналарды шыдамды болуға шақырды

видеодан алынған скрин

Көп балалы ана Мөлдір Анарбаева қыз-келіншектерді көп балалы болудан қорықпауға үгіттеді.

Блогер әрі көп балалы ана Мөлдір Анарбаева  әлеуметтік желіде өзі секілді әйелдерге арнап жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бәрі уақытша шыдаңдар. Балалар өседі, бір қауым ел боласыз, солардың арқасында төрге шығып, марқаясыз. Қазақша бақытты болу деген - осы. Шетелдіктерге еліктеп жүрген әйелдер бір баланың бетіне қарап фигурасын ойлағанымен, кейін соның зардабын шегеді. Бірінің қалғанын бірі киіп өскен бір үйдің балалары ұйымшыл болады. Қазақтың саны көп болсын! Уақытша жындыға ұқсап жүргеннің соңы жақсылыққа ұласады», — деп жазды ол.

Ал автордың бұл жазбасы желі қолданушылары тарапынан қызу талқыға түсті. Бірі блогерді құптаса, екіншілері мұндай кеңестің ретсіз екенін айтып отыр.