Жаңалықтар

Мас күйде пойызға зақым келтірген жолаушы жауапқа тартылды

коллаж: https://polisia.kz

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде Алматы қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтады.

Алматы – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы Сарышаған станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері пойыз бастығының актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол жол жүру барысында спирттік ішімдіктер ішкен, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған және вагон дәретханасындағы вентиляцияны бұзып, бекіткішті жұлып алған.

Ер адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, тыныштықты бұзғаны, жалпы пайдаланымдағы көлік құралдарының ішкі жабдықтарын бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 40 мыңнан астам азамат, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 3178 азамат жауапқа тартылған.