T-LIFE

Жойылған хабарламалар аяқ асты пайда болған: Әйелінің көзіне шөп салған британдық Apple компаниясын сотқа берді

сурет: istockphoto.com

Әйелі ажырасуға арыз беріп, 5 миллион фунт-стерлинг қаражат талап еткен.

Британиялық азамат Apple компаниясын сотқа беріп, 5 миллион фунт-стерлинг өтемақы талап етіп отыр. Себебі iMеssage оның опасыздық жасағанын әйеліне "жайып салған", деп хабарлайды thetimes.com.   Ұлыбританияда кәсіпкер бірнеше жыл бойы iMessage арқылы басқа әйелдермен хат алысып, сөйлесіп, әйеліне опасыздық жасаған. Содан соң хабарламаларды мұқият жойып, бәрін өшіріп отырған. Бірақ iCloud бәрін есіне сақтап, хат-хабардың юарлығын отбасылық iMac-қа "көшіріп" отырған. Осылайша, күндердің бір күнінде жойылған хабарламалар қайта пайда болып, әйелі оқып қойған.

Әйелі ажырасуға арыз беріп, 5 миллион фунт-стерлинг қаражат талап еткен, ал ер адам бұл ақшаны Apple-дан өндіріп алуға ниетті.