Эмоциясын ашық көрсететін адамдар ұнамды, әлеуметтік тұрғыдан табысты болады – зерттеу
Ноттингем Трент Университетінің ғалымдары ішкі сезімдеріңізді іркілмей көрсету айтарлықтай әлеуметтік артықшылық бере алатынын айтады.
Эмоциясын ашық көрсететін адамдар ұнамды, әлеуметтік тұрғыдан табысты болады. Бұл туралы studyfinds.org сайтында жарияланған зерттеу нәтижесінде айтылады.
Сіз өз эмоцияңызды ашық көрсетесіз бе, әлде мұз сияқты суық әрі сабырлысыз ба? Ноттингем Трент Университетінің ғалымдары ішкі сезімдеріңізді іркілмей көрсету айтарлықтай әлеуметтік артықшылық бере алатынын айтады.
Олардың зерттеулері көрсеткендей, бет-әлпеті құбылып тұратын, эмоционалды адамдар көбірек ұнамды келеді, олар жағымды экстраверт саналады, тіпті келіссөзге шебер келеді екен.