Жаңалықтар

Желіде найзағайдан қырылып қалған жылқылардың видеосы тарады

скриншот

Жағдай Астрахан ауданы Жалтыр ауылында болған.

Әлеуметтік желіде найзағай түсіп, қырылып қалған бір табын жылқының видеосы тарады.

«Наш Костанай» Telegram-арнасы Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылында найзағайдан жылқы табыны қырылып қалғанын жазады. Алдын ала ақпарат бойынша, электр разрядынан 67 бас жылқы қырылған. Бұл оқиға маусым айында болды.

Сарапшылар найзағай кезінде ашық жерлерде жүрмеуді сұрайды.