T-LIFE

Танымал әншінің фанаттары концерт кезінде жер сілкінісін тудырған

сурет: istockphoto.com

Енді ол 152 стадионда концерт беруді жоспарлап отыр.

Танымал әнші Тейлор Свифттің жанкүйерлері тағы да жер сілкінісін ұйымдастырып, жерді 23,4 нанометрге шайқаған. Бұл туралы bgs.ac.uk жазды. 

Шотландияның Эдинбург қаласында өткен әншінің концертіне жиналғандар бір орында адымдап, секіргеннен сейсмикалық белсенділік пайда болып, стадионнан 6 км қашықтықтағы бекеттерде тіркелген.

Тейлор Свифт қазір әлемді аралап, тур өткізіп жүр. Енді ол 152 стадионда концерт беруді жоспарлап отыр.