Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады (ФОТО)
1 жыл бұрын әншінің атасы қайтыс болған еді.
Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында бала кезінде атасы Құдайберген Айтбаевпен түскен фотосуретін жариялады.
«Мәңгі жүректесің, папа...», – деп жазды әнші.
Еске салсақ, 2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болған еді.
Ол 1941 жылы 25 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Димаш Құдайберген – үлкен немересі, ескі қазақ дәстүрі бойынша ол атасы мен әжесі Миуа Низамутдинова мен Құдайберген Айтбаевтың қолында тәрбиеленген.