Жаңалықтар

Біреуі мерзімінен бұрын шыққан: Пойызда қыз зорлағаны үшін сотталған жолсеріктер бостандыққа шықты

сурет: istockphoto.com

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне кіретінін атап өтіп, ақпаратты растады.

2018 жылы купеде қыз зорлады деген айыппен сотталған "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері босатылды, бұл туралы №2 Ақтөбе соты хабарлады, деп жазды Informburo.kz.

Сотталғандардың бірі Жетес Үмбеталиев мерзімін толығымен өтеген, ал екіншісі – Көлқанат Құрманиязов жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бостандыққа шыққан.

"2022 жылдың маусым айында сот Көлқанат Құрманиязовты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарады және одан бас тартты. Алайда, сол жылы облыстық сот өтінішті қанағаттандырып, қалалық соттың шешімін жойды", - деп хабарлады №2 Ақтөбе соты.

Жетес Үмбеталиев толық жазасын өтеп, 2024 жылғы сәуірде босап шықты.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне кіретінін атап өтіп, ақпаратты растады.