«Еңбегіміз бос кетті»: Ғазизхан Шекербектің Шымкенттегі концерті өтпей қалды
Сүйікті әншісінің концертін көруге 1500-дей тыңдарман билет сатып алған.
Танымал әнші, сазгер Ғазизхан Шекербектің Шымкент қаласындағы концерті кейінге шегерілді. Оның себебін әнші Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Сүйікті әншісінің концертін көруге 1500-дей тыңдарман билет сатып алған.
«Қымбатты менің Шымкент қаласындағы тыңдармандарым, 26 маусым күні Tulip hall залында өтетін концертіміз кейінге шегерілді. Себебі жаңа концерт залдың жарық пен дыбысқа байланысты кей жерлері 26-сына дейін дайын болмай тұр. Менің де көңіл-күйім жоқ. Кінә біздің тарапымыздан емес. Түркістан сарайына ауыстыра салайық деген ұсыныс бар, бірақ қазірдің өзінде 1300-дей билет сатылып кеткен. Олардың орнын басқа залға келтіріп жайғастыру мүмкін емес. Реніш, көңіл-күй бұзылу дегендей, сіздерді олай әбіржіткім келмейді.
Кешірім өтінемін! Алда бәрі нақты дайын болғанда күнін белгілеп айтармыз. Алынған билеттер толықтай қайтарылады. Қаншама жасалған еңбегіміз дәл қәзір бос кетті», – деп күйінді әнші.
Одан кейін, өнер иесі концерттің ұйымдастырушылары мен жауапты адамдар кінәні өзіне арта салғанын жасырмады.
“Концертке қатысты жауапты және уәде еткен адамдарға өкпем қара қазандай... Енді келіп "Біз рұқсат жоқ деп айтпадық, өзі неге тоқтатты?" деп өзімді кінәлі қылып қойғандарына күйініп отырмын", – деді эстрада жұлдызы.