Жаңалықтар

Әскерилер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық

Кездесу барысында тараптар әлем чем­пионатын ұйымдастыру мәселелерін тал­қылап, әріптестікті нығайтуға және әс­кери спорт дәстүрлерін арттыруға өза­ра жәрдемдесуге ниет білдірді.

Қорғаныс ведомствосына халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) күрес жөніндегі спорт комитетінің президенті майор Насер Хассани келді.

Халықаралық ұйымның өкілімен Қор­ғаныс министрлігі аппаратының бас­шысы полковник Ербол Құмарбекұлы жә­не Спорт комитетінің төрағасы пол­ковник Арман Әбеуов кездесті. 79-Бас ассамблея мен СІЅМ Конг­ре­сі­нің отырысында Қазақстан Қорғаныс ми­нистрінің дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйы­мының Мәдени мұра тізіміне енгізіл­ген қазақ күресінен жарыстар ұйым­дас­тыру туралы бастамасы айтылып, 2025 жы­лы елімізде спорттың осы түрінен әс­кери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу ұсынылған болатын. Осыған орай Халықаралық әскери спорт кеңесі күрес жөніндегі спорт ко­ми­тетінің президенті майор Насер Хас­сани халықаралық ұйым аясында әскери қыз­метшілер арасында алғашқы әлем чем­пионатын өткізу мүмкіндіктерін зер­делеу мақсатымен Қазақстанға келді.  Кездесу барысында тараптар әлем чем­пионатын ұйымдастыру мәселелерін тал­қылап, әріптестікті нығайтуға және әс­кери спорт дәстүрлерін арттыруға өза­ра жәрдемдесуге ниет білдірді. Естеріңізге сала кетейік, CISM – әлем­нің 140 елінің әскери қызметшілерін бірік­­­тіретін ең ірі пәнаралық спорттық ұйым­дардың бірі. «Спорт арқылы Дос­тық» ұранын ұстанатын ұйым бейбіт­ші­лікті нығайту құралы ретінде спорттың дамуына ықпал етіп келеді.