Жаңалықтар

Әскери теңізшілер марапатталды

Ра­диолока­ция­лық стансасы­ның көме­гі­мен теңіз сек­торын зертте­ген­нен кейін ол теңіз­де жоғалған адам­дарды із­деп тапты.

Теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен салтантты жағдайда қарсы алды. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Қорғаныс министрі атынан кеме командирі Нұрбек Талғатқа және жеке құрам мен барлық экипажға көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Ол сондай-ақ штурмандық жауын­гер­­лік бөлім командасының старши­на­сы аға матрос Әзімхан Әмірхановқа гра­­­­­мота мен бағалы сыйлық табыс етті. Жоғалған адам­дардың орнын тез және дәл анық­тау­ға оның гидроме­тео­роло­гия­лық жағ­дай­ды түсіндіру және тех­ни­калық құ­рал­дармен сенімді жұмыс істеу қабілеті кө­мектесті. Ра­диолока­ция­лық стансасы­ның көме­гі­мен теңіз сек­торын зертте­ген­нен кейін ол теңіз­де жоғалған адам­дарды із­деп тапты. Естеріңізге сала кетейік, жоғалған аза­­маттар туралы хабарлама Әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі ка­­питан Бауыржан Мұратұлынан сағат 20:00 шамасында келіп түскен болатын. Төрт сағаттан соң жоғалған спорт­шы­лар ке­меге көтерілді. Олар жағалаудан 5-6 миль қашықтықтағы «Жартас­ты» мүйіс аймағынан табылды.