Жаңалықтар

Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды (ВИДЕО)

Сурет: www.istockphoto.com

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

13 маусым күні оқу-жаттығу барысындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алды. Алған жарақаты салдарынан әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады.

"Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.