Ресейдің әскери кемелері Кубаға барды

13 маусым, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: euronews.com / Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ресей аралға "қазан" атом сүңгуір қайығын да әкелген.

Ресейдің әскери кемелері Кубаға барды. Бұл туралы Ресей Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Александр Моисеев хабарлаған.

Бір топ әскери кеме Кубаға "Атлант мұхитында жоғары дәлдіктегі зымыран қаруын қолдану" жаттығуын өткізіпті.

Әскери қолбасшының айтуынша, аралға келу Ресей әскери-теңіз күштері отрядының ұзақ сапарының бір мақсаты саналады. Ресей аралға "қазан" атом сүңгуір қайығын да әкелген.

Тэгтер:

Ресей әскер Куба кеме