Арбаға салып алып кетті: Италияның депутаттар палатасында төбелес болды
өбелес оппозициялық "Бес жұлдыз" қозғалысының мүшесі Леонардо Донно Италия туын аймақтық істер министрі Роберто Кальдеролиге тапсырғаннан кейін басталған.
Италияның депутаттар палатасында дауыс беру кезінде дау шығып, төбелес басталған.
Италия Парламентінде Италия аймақтарына автономия беретін даулы заңға дауыс беру кезінде дау туды. Төбелес оппозициялық "Бес жұлдыз" қозғалысының мүшесі Леонардо Донно Италия туын аймақтық істер министрі Роберто Кальдеролиге тапсырғаннан кейін басталған.
Екі кеңсе қызметкері Донноны Кальдеролиден арашалауға тырысқанда, "Лига" және "Ағайынды Италия" партияларының заң шығарушылары төбелеске қосылып кеткен.
Кейіннен Парламенттегі медицина қызметкерлері Леонардо Донноны мүмкінідігі шектеулі жандарға арналған арбамен алып шыққан.