Футболшы Рамазан Оразов еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

13 маусым, 2024 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ
Рамазан Оразов өткен маусымда Словенияның «Копер» клубында ойнаған.

Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» клубының ойыншысы Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» клубымен келісімшарт жасасады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Оразовты тағы бір даниялық «Орхус» командасы өз сапына шақырған.

Айта кетерлігі, «Силькеборг» Дания кубогін жеңіп алған. Осылайша, олар еурокубок жарыстарына қатыса алады. 

Рамазан өткен маусымда Словенияның «Копер» клубының сапында доп тепкен. Бірақ кейін «Ақтөбеге» қайта оралды.

Тэгтер:

келісімшарт жасасты футболшы Еуропа чемпионаты келісімшарт Рамазан Оразов