Жаһан

Ерлі-зайыпты рейсті шатастырып, басқа елге кетіп қалған

istockphoto.com

"Бір сағаттан соң бортсерік Мадридке қонғалы жатқанымызды хабарлады"

Ұлыбританияда тұратын ерлі-зайыпты футбол көреміз деп барып, басқа елге кетіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz The Mirror-ға сілтеме жасап.

Лондонда тұратын Элиз Маллия мен Джесси Джезекель Францияның Марсель қаласына футбол ойынын көру үшін келген. Ертесі олар Лондонға қайтпақ болып, әуежайға келгенде рейсті шатастырып алып, Испания астанасы Мадридтен бір-ақ шыққан.

«Ұшақта отырғанымызда бір сағаттан соң бортсеріктің Мадридке қонғалы жатқанымызды хабарлағанын естідік. Біз ол шатасып тұрған болар деп ойладық», – дейді Маллия.

Алайда, кейін бортсеріктер испанша сөйлей бастаған кезде олар расымен басқа елге ұшып келгенін байқады.

Бұл қателіктің қалай болғанын британдықтар білмейді, себебі ұшаққа отырмас бұрын олардың билетін үш рет сканерлегенін айтады.

«Ақырында біз үйімізге оралдық, дегенмен мұның қалай болғанын әлі білмей әлекпіз. Себебі бұл автобусқа мініп кеткенмен бірдей емес қой», — дейді ерлі-зайыпты.