Спорт

Ел құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

Olympic.kz

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар.

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады.

Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар.  Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген Қытайлық  Тайпей командасы тұр.  Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді.

Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова) ;

жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина); ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров); жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина): андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров) және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды.