«Аутизммен ауыратын»: БҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.
Батыс Қазақстан облысын полиция департаменті аутизмге шалдыққан 19 жастағы жігіт табылғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Мой город басылымына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, 19 жастағы Игорь Исраилов 6 маусымда Бәйтерек ауданы Рубежинское ауылындағы үйінен шығып, оралмаған. Жігіт аутизммен ауырады. Игорьдің анасы 10 маусымда полицияға жүгінген.
Бір аптадан кейін жігітті Теректі ауданының полицейлері тапты. Ол сол аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. Шаруашылық басшысы Игорьдің өзі келіп, жұмысқа қабылдауды сұрағанын айтты.
Қазір жігіттің жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында.