«100 мың теңге талап еткен»: Түркістан облысында 2 блогер қамауға алынды

13 маусым, 2024 / Анель Жарылғасын
Polisia.kz
Мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жазбасын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.

Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жаазбасын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Түркістан облысы блогер Мектеп директоры бопсалау