Жаңалықтар

«Махаббат – қорлау емес!»: «Меломен» әншісінің экс-әйелі күйеуіне қатысты тағы бір шындықтың бетін ашты

коллаж: Тurkystan.kz

Ғабит Биасыұлының бұрынғы келіншегі Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, жанайқайын жеткізді.

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген сұқбатынан кейін желіде өзін сынап жатқан көпшілікке жауап берді. Ол өзін қорлатудан шаршағанын айтып, бұдан былай өзін барынша қорғайтынын айтты.

 Ғабит Биасыұлының бұрынғы келіншегі Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, жанайқайын жеткізді.

Сонымен қатар әншінің экс-әйелі көпшілікке көрсетер дәлелі де бар екенін айтты.

«Махаббат – қорлау емес! Махаббат деген қорғау!

Қашан әйелді ақымақ етіп, өзі ақылды болған еркекті көрдіңіздер?! Мен оны 6,5 жыл бойы көрдім! Шыдауға міндетті емеспін! Айтуға құқылымын! Қорлатпаймын! Қорлатудан шаршадым! Мен өзімді қорғаймын. Ақталуға міндетті емеспін! Бірақ, маған қара күйе жағудан шаршамасаңыздар, менде дәлел фото-видео бар», - дедіблогер.