Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түсіп қалды

instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актрисаның айтуынша, дәрігерлер нақты диагноз қоймаған.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды.

Актрисаның айтуынша, дәрігерлер нақты диагноз қоймаған.

«Жағдай осылай болып тұр. Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Есімнен танып қалдым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсіреді. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет!», – деп палатадан сәлем жолдады өнер иесі. 

Сонымен қатар басы ауыратын адамдарға ескерту жасап, денсаулыққа немқұрайды қарамауға шақырды.

«2016 жылдан бері басым ауыра бергесін, ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақылыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына мән бермеген едім. Жағдай осылай болып тұр», – деді актриса.