Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

13 маусым, 2024 / Анель Жарылғасын
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Қонаев қаласы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртенді.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам уақыт бойы алдын ала 1000 ш.м. алаңда қоқыстың өртенуін сөндіруде.

Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Тэгтер:

Алматы облысы өрт Қонаев қаласы қоқыс полигоны