Олимпиада жүлдегерлері өз киімдерін Ұлттық музейге табыстады
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Олимпиада жүлдегерлерінің киімдерін табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға чемпион Ольга Рыпакова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і спортшыларға тиесілі. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорттық киімдері бар. Бүгінгі таңда топтама Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Құнқабаевтың ерекше киімдерімен толықты.