Қоғам

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты (ВИДЕО)

Сурет: Фото: instagram.com/tursen_alaguzov

Танымал кәсіпкер Forbes Kazakhstan youtube арнасына сұхбат берді.

Бизнесмен бірінші жұбайынан туған балаларымен арадағы байланысы жайлы айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

“Балаларыммен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Қызымның жасы – 33 те. Ұлым маусым айында 28 жасқа толады. Екеуі де ересек адамдар. Қызым тұрмысқа шықты. Баласы бар. Өзінің отбасы бар. Ұлым Мәскеуде, ал қызым Амман қаласында тұрады. Мен жаман әке болмадым. Қызымның сыныбына өте көп көмектестім. Ата-аналар комитетінің төрағасы болдым. Бизнестерімді қайтып алғаннан кейін қарым-қатынасымыз да жақсара түсті. Қызымды түсінуге тырысамын, өйткені әйелге тән болмысқа беріліп, маған ренжуі де мүмкін. Уақыт өте келе бәрі қалпына келді. Ұлыммен күн сайын сөйлесеміз. Немерелерімді көріп тұрамын. Қызым балалы болғанда үйіне қонақ болып барып қайттым”, – деді кәсіпкер.

Айта кетейік, Тұрсын Алагөзов продюсер Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтергесін балаларымен араласпай қалған еді.