T-LIFE

Бүкірейіп жүру есте сақтау қабілетіне әсер етуі мүмкін

сурет: istockphoto.com

Бірақ. бүкірейіп жүретіндердің тік жүретіндерге қарағанда арқа немесе мойын ауруымен жиі ауыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Бүкірейіп жүру есте сақтау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. The Conversation басылымында жарияланған зерттеуде бүкірейіп жүру омыртқаны емес, есте сақтау қабілетін нашарлатуы ықтимал екені айтылады. 

Басылымда жарияланған ақпаратқа сүйенсек, кейінгі екі онжылдықта көптеген клиникалық зерттеулер жүргізілген, олардың нәтижесінде бүкірею мен арқаның, белдің ауыруы арасында ешқандай байланыс жоқ екені белгілі болған. Сондай-ақ, бүкірейіп жүретіндердің тік жүретіндерге қарағанда арқа немесе мойын ауруымен жиі ауыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Бірақ бүкірейіп жүрудің зияны жоқ деуге ерте. Бүкірею есте сақтау қабілетінің нашарлауына, сондай-ақ көңіл-күйдің түсуіне әсер етеді деген болжам бар. Яғни тік отырған адам ақпаратты есте жақсырақ сақтайтыны байқалған.